Accessibility links

Украинада УКРОП партиясы басшысы үйқамаққа алынды


УКРОП партиясының жетекшісі Геннадий Корбан.

УКРОП партиясының жетекшісі Геннадий Корбан.

Украина соты «Украин патриоттарының бірлестігі» (УКРОП) партиясының жетекшісі Геннадий Корбанды 31 желтоқсанға дейін үйқамақта қалдырды. Шешімді бүгін Киевтің Печерск аудандық соты шығарған. Корбанның адвокаты Оксана Тимчук сот шешіміне шағымдануы мүмкін екенін айтады.

45 жастағы Корбан 31 қазанда ұйымдасқан қылмыс жасау, заңсыз мүлік иелену және адам ұрлау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Прокурор қамауға алуға ордер бермегендіктен Корбан ұсталғаннан соң үш тәуліктен соң босатылған.

Тергеушілер бұрын Днепропетровск облысы губернаторының орынбасары болған Корбанның «бірнеше қылмысқа қатысы туралы айғақтар барын» мәлімдеген соң, 3 қарашада Корбан қайта ұсталған.

УКРОП белсенділері Геннадий Корбан саяси себеппен қудаланып отыр деп санайды.

УКРОП партиясы 2014 жылы қыркүйекте тіркелген.

XS
SM
MD
LG