Accessibility links

Қостанайда «ВКонтактенің» кей контентіне тыйым айтылды


«ВКонтакте» әлеуметтік желісі логосы. (Көрнекі сурет)
«ВКонтакте» әлеуметтік желісі логосы. (Көрнекі сурет)

Қостанай облыстық прокуратурасы ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің кейбір контентіне Қазақстанда тыйым салуды ұсынды деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.

Прокуратура «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі кейбір қауымдастық балалар порнографиясы мен педофилияны насихаттайды деп санайды.

Облыстық прокуратураның «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде порнографиялық мазмұндағы қауымдастықты анықтағаны туралы ақпараты жергілікті БАҚ та жариялаған. Онда осы әлеуметтік желідегі 38 258 жазылушысы бар, оның 1456-сі Қазақстан азаматы, 127-сі кәмелетке толмағандар саналатын порнографиялық сипаттағы материалдар жариялайтын топ жайлы айтылған. «Топтың атауы және оның құрамындағы контент балалар арасында порнографияны насихаттауға бағытталғаны анық, топ құрамында 494 жасөспірім тіркелген» деп хабарлайды «Казинформ» агенттігі облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісіне «Қазақстан» аймағынан жасы «18 жасқа дейінгі» деп белгіленген 2,2 миллион қолданушы тіркелген.

XS
SM
MD
LG