Accessibility links

БҰҰ өкілі Беларусьтегі БАҚ ахуалын сынады


БҰҰ-ның Беларусьтегі адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Миклош Харасти.

БҰҰ-ның Беларусьтегі адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Миклош Харасти.

БҰҰ-ның Беларусьтегі адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Миклош Харасти ол елде жан-жақты реформасыз тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өмір сүруі мүмкін емес деді ұйымның бас ассамблеясына жасаған баяндамасында.

Ол Минскідегі биліктің жүйелі түрде жүргізіп отырған сөз бостандығы ұстанымдарына қатысты әрекетіне сілтеме жасап, елде ақпарат құралдарын тіркеу мен лицензиясын қайтарып алудың объективтілігіне күмән келтірді. Миклош Харасти Беларусьте заңсыздық туралы айтқан журналистер қуғынға ұшырайтынын да мәлімдеді.

Беларусьте 11 қазанда өткен президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Лукашенко бесінші мәрте мемлекет басшысы дәрежесін иеленді. Беларусь орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина инаугурация салтанатында Лукашенконың "демократиялық сайлау жағдайында президент болғанын" хабарлаған.

Батыс бақылаушылары ол елде өткен президент сайлауын "еркін, әділ деп бағалауға болмайтынын" айтқан.

XS
SM
MD
LG