Accessibility links

Астанада наразылық танытқан экс-шенеунік түрмеден шықты


Полиция өкілдері сот залында "Теректі мал жәрдемі" мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Иса Бекетовтің қолына кісен салып жатыр. Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы, 11 қыркүйек 2015 жыл.

Полиция өкілдері сот залында "Теректі мал жәрдемі" мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Иса Бекетовтің қолына кісен салып жатыр. Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы, 11 қыркүйек 2015 жыл.

Батыс Қазақстан облыстық апелляциялық істер жөніндегі соты жұма күні бұған дейін Теректі аудандық сотының экс-шенеунік Иса Бекетовке шығарған үкімінің күшін жойып, тұтқынды қамаудан босату және оған үш жылға еркіндігін шектеу жазасын тағайындау туралы шешім шығарды.

11 қыркүйекте Теректі ауданының 2-соты «Теректі мал жәрдемі» мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Иса Бекетовті «қызмет өкілетін теріс пайдаланғаны» және «мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны» үшін айыпты деп танып, оны бес жылға бас бостандығынан айырған. Бекетовтің дүние-мүлкі тәркіленіп, оған бес жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынатыны айтылған үкім жарияланысымен ол сот залында тұтқынға алынған еді.

49 жастағы Иса Бекетов 2 қыркүйекте өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеп, Астанада жоғарғы сот және Ақорда алдында наразылық акциясын өткізіп, өзінің үстінен қозғалған іс бойынша сотты әділ өткізуді талап еткен.

XS
SM
MD
LG