Accessibility links

Ресей Египетке әуе қатынасын уақытша тоқтатты


Египеттен ұшақ апатында қаза болғандардың сүйектерін елге жеткізген Ресей төтенше жағдайлар министрлігі ұшағының Пулково әуежайына қонған сәті. Санкт-Петербург, 6 қараша 2015 жыл.

Египеттен ұшақ апатында қаза болғандардың сүйектерін елге жеткізген Ресей төтенше жағдайлар министрлігі ұшағының Пулково әуежайына қонған сәті. Санкт-Петербург, 6 қараша 2015 жыл.

Ресей өз жолаушылар ұшағының Синай түбегінде апатқа ұшырауының себебі айқындалғанша, Египетке тұрақты әуе рейстерін уақытша тоқтата тұруды ұйғарды.

Жұманың кешінен бастап Ресей жолаушылар ұшақтары Египетке сол елдегі ресейлік туристерді алып қайту үшін бос ұшып баратын болады деп хабарлаған Ресей төтенше жағдайлар министрлігі өкілі Reuters агенттігіне.

Бұған дейін Еуропа мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі әуе компаниялары ресейлік ұшақтың құлауына не себеп болғаны анықталғанға дейін Египетке әуе қатынасын уақытша тоқтататыны туралы мәлімдеген еді.

Жұма күні франциялық баспасөз құралдары апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың «қара жәшігін» зерттеуге қатысқандарға сілтеме жасап, құрылғы жазбасында жарылыс дыбысы тіркелгені туралы хабарлаған.

Бұған дейін АҚШ және Ұлыбритания өкілдері, барлау қызметтерінің деректеріне сілтеме жасап, Синай түбегінде құлаған Airbus A321 жолаушылар ұшағына теракт жасалған болуы мүмкін деген болжам айтқан еді.

Бірақ Мәскеу ондай болжамдарды үзілді-кесілді қабылдамайтынын мәлімдеген.

31 қазанда Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке бара жатқан Ресейдің «Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ондағы 224 адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG