Accessibility links

Обама Канададан мұнай құбырын тартуды мақұлдамады


АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде. Вашингтон, 6 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде. Вашингтон, 6 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Канада жеріндегі мұнай кенішінен АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттарына магистральдік мұнай құбыры желісін тартуды көздейтін Keystone XL жобасын жүзеге асыруға рұқсат беруден бас тартты.

Өз шешімін табиғат қорғау қажеттілігімен түсіндірген Обама «Америка қазір әлемдік лидерге айналды. Біз ғаламдық жылынумен табанды түрде күресуді мақсат етіп отырмыз. Ал, шынтуайтын айтқанда, бұл жобаны мақұлдау әлгіндей күш-жігердің зая кеткенін білдірген болар еді» деген. Президент «әзірше мүмкіндік болып тұрғанда планетамызды құтқару қажеттігін» айтқан.

Канадалық TransCanada компаниясының ұзындығы екі мың шақырымға жуық мұнай құбырын тарту жөніндегі жобасы АҚШ-та саяси тартыс тудырған еді. Жобаны қолдаушылар құбыр желісімен келетін канадалық мұнай АҚШ-та жанармай бағасын арзандатуға және жаңадан мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін алға тартса, оған қарсылар құм астынан мұнай өндіру қоршаған ортаға орасан нұқсан келтіріп, құбыр желісінде апат бола қалған жағдайда фермерлік шаруашылықтарға қауіп төндіреді деген уәж айтқан.

АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Пол Райан, АҚШ-тағы ірі кәсіподақтардың бірінің өкілдері, TransCanada компаниясы АҚШ президентінің бұл шешімін сынға алса, табиғат қорғаумен айналысатын түрлі ұйымдар Барак Обаманың ұстанымына қолдау білдірген.

XS
SM
MD
LG