Accessibility links

Ресейдің бұрынғы баспасөз министрі өлі күйінде табылған


Ресейдің бұрынғы баспасөз министрі Михаил Лесин.
Ресейдің бұрынғы баспасөз министрі Михаил Лесин.

АҚШ астанасы Вашингтондағы қонақүйде Ресейдің бұрынғы баспасөз министрі Михаил Лесин өлі күйінде табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 58 жастағы Лесин жүрек талмасынан дүние салған болуы мүмкін.

Ресейлік «Видео Интернешнл» компаниясының негізін қалаған Михаил Лесин Russia Today телеарнасын құру туралы бастама көтеруші болған. Кейбір деректер бойынша, ол ресейлік «Ұлттық медиатоп» құрылымындағы, РЕН ТВ және «Пятый канал» телеарналарына иелік ететін НМГ-ТВ тобын құруға да атсалысқан.

2013 жылдың қазан айынан 2015 жылдың қаңтарына дейін Михаил Лесин «Газпром-Медиа Холдинг» акционерлік қоғамы басқармасын басқарған.

Ресей президенті Владимир Путин Михаил Лесиннің отбасы мен туған-туыстарына марқұмның қазасына байланысты көңіл айтты деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG