Accessibility links

Чилиде күшті жер сілкінісі болды


Жер сілкінісінен қираған үй орнында жүрген адамдар мен ит. Чили, 17 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Жер сілкінісінен қираған үй орнында жүрген адамдар мен ит. Чили, 17 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Чилиде бүгін 6,8 магнитудалы жер сілкінісі болды деп хабарлайды АҚШ геологиялық қызметі. Оның ақпаратында жер сілкінісінің эпицентрі Овалле қаласынан 47 километр қашықтықта, мұхит жағалауында болғаны айтылған.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер туралы мәлімет әзірше түспеген.

Қыркүйек айында Чилиде осы аймақта болған 8,3 магнитудалы жер сілкінісі мен цунами салдарынан 15 адам опат болып, 16 мыңнан аса адам баспанасыз қалған еді.

XS
SM
MD
LG