Accessibility links

Украина ұлттық полициясы туралы заң күшіне енді


Украина ұлттық полициясы басшысы Хатия Деканоидзе. Киев, 4 қараша 2015 жыл.
Украина ұлттық полициясы басшысы Хатия Деканоидзе. Киев, 4 қараша 2015 жыл.

Украинада бүгін «Ұлттық полиция туралы» заң күшіне енді. Бұған дейін қолданыста болған «Милиция туралы» заң бүгіннен бастап күшін жояды.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков милицияның полицияға ауысуының өтпелі кезеңі қарастырылған деп хабарлады Facebook әлеуметтік желісі арқылы. Оның айтуынша, қазіргі милиция қызметкерлерінің бір бөлігі Ұлттық полиция органдарында тиісті қызметтерге «уақытша міндетін атқарушы» болып тағайындалады.

Биыл шілденің 2-і күні Украина Жоғарғы радасы қабылдаған Ұлттық полиция құру туралы заңға тамыздың 4-і күні президент Петр Порошенко қол қойған. Бұл заңда Ұлттық полицияның қызметі мен ұйымдастыру негіздері, сонымен бірге полициядағы қызмет тәртібі белгіленген.

Қарашаның 4-інде Украина ұлттық полициясы басшысы болып Грузияның бұрынғы білім және ғылым министрі Хатия Деканоидзе, оның орынбасары болып патруль полициясының жетекшісі Александр Фацевич тағайындалған.

УНН хабарлауынша, 2016 жылдың соңына дейін Украинада полиция мен милиция қатар жүрмек.

XS
SM
MD
LG