Accessibility links

АҚШ-та Голодомор құрбандарына ескерткіш ашылды


Украина президентінің зайыбы Марина Порошенко Голодомор құрбандарына орнатылған ескерткішке гүл қойып тұр. Вашингтон, АҚШ, 7 қараша 2015 жыл.

Украина президентінің зайыбы Марина Порошенко Голодомор құрбандарына орнатылған ескерткішке гүл қойып тұр. Вашингтон, АҚШ, 7 қараша 2015 жыл.

АҚШ астанасында 7 қарашада Украинада өткен ғасырда совет билігі кезіндегі Голодомор (ашаршылық) құрбандарына ескерткіш ашылды. АҚШ Конгресі ғимаратына таяу жерде қоладан орнатылған ескерткіш қабырғасында бидай өсіп тұрған алқап бейнеленген, оның астында «Holodomor 1932-1933» деп жазылған.

Ескерткіштің ашылу рәсімінде Украина президенті Петр Порошенконың осы шараға арнайы алдын ала түсірілген видеоүндеуі көрсетілді.

«Ашаршылық арқылы украин халқын тізе бүктіріп, бізді ар-намысымыз мен ұлттық болмысымыз ажыратып, өз жерімізде өз тағдырымызды өз қолымызға алсақ деген үміттен айырмақ болды» деген Порошенко.

Вашингтондағы Голодомор құрбандарына ескерткіштің ашылу рәсіміне АҚШ-тағы украиналық диаспора өкілдері, америкалық және украиналық ресми қызметкерлер, сонымен бірге Украина президентінің зайыбы Марина Порошенко қатысқан.

Украина тарихшыларының көпшілігі елде 1930 жылдары жаппай болған ашаршылықты әдейі жүргізілген сталиндік саясаттың салдары деп біледі. Түрлі есептер бойынша, Голодомор кезінде төрт миллионнан он миллионға дейін адам аштан қырылған.

2006 жылы Украина Жоғарғы Радасы Голодомор қасіретін украин халқына қарсы жүргізілген геноцид деп таныған.

Украина президенті Петр Порошенконың видеоүндеуі:

XS
SM
MD
LG