Accessibility links

Мьянмада парламент сайлауы өтіп жатыр


Сайлауға түсіп жатқан саяси партиялар туралы ақпарат ілінген жерде тұрған полиция қызметкері. Мандалай, Мьянма, 7 қараша 2015 жыл.
Сайлауға түсіп жатқан саяси партиялар туралы ақпарат ілінген жерде тұрған полиция қызметкері. Мандалай, Мьянма, 7 қараша 2015 жыл.

Мьянмада бүгін бүкілхалықтық парламент сайлауы өтіп жатыр. Елде 2011 жылы билік әскерилерден азаматтық үкіметке берілгелі бері алғаш рет өтіп жатқан парламент сайлауына оппозициялық күштер де қатысып отыр.

Бұл жолғы сайлауда 91 партия саяси бәсекеге түсті. Билік партиясын Мьянма президенті, бұрынғы генерал Тейн Сейн басқарады. Әскерилердің қолдауына сүйенетін Тейн Сейн бұған дейін егер осы сайлауда оппозициялық лидер Аун Сан Су Чжи немесе өзге тұлғалар бастаған саяси күштер жеңісе жетсе, онда билікті бейбіт жолмен беруге уәде еткен болатын.

Оңтүстік Азияда Үндіқытай түбегінің батысында орналасқан Мьянма – президенттік республика саналады. 55 миллион тұрғыны бар Мьянмада 30 миллионға жуық адам дауыс беру құқығына ие. Бірақ елде діни азшылықты құрайтын жүздеген мың мұсылман дауыс беру құқығынан айырылғандықтан сайлауға қатыса алмайды. Екі палатадан тұратын ел парламентінде барлығы 664 орын бар. Заң бойынша олардың ширек бөлігі әскерилердің еншісіне тиесілі.

Бұған дейін, 1990 жылы Мьянмада өткен парламент сайлауында құқыққорғаушы Аун Сан Су Чжи басқаратын «Демократия үшін ұлттық лига» жеңіске жеткенімен, әскерилер сайлау күшін жойып, елде диктатура енгізген. 15 жыл бойы үйқамақта отырған Аун Сан Су Чжиге кейін Нобельдің бейбітшілік сыйлығы берілген.

XS
SM
MD
LG