Accessibility links

Пентагон басшысы: Ресей қауіпті саясат жүргізіп отыр


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.
АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Ресейдің қазіргі жүргізіп отырған сыртқы саясаты әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіреді деп санайды. Бұл туралы ол қарашаның 7-і күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сими-Вэлли қаласында орналасқан Рональд Рейганның президенттік кітапханасында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар мен АҚШ қорғаныс министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен жиында мәлімдеген.

Ресей теңізде, әуеде, ғарышта және киберкеңістікте «қатерлі іс-әрекеттерге» барып отыр деген Картер.

Ресейдің ядролық қару қолдануы мүмкін екені туралы мәлімдемелерін сынға алған Пентагон басшысы Мәскеудің Грузия мен Украинаның егемендігіне қол сұғуын, Балтық елдеріне қоқан-лоқы жасауын және Сириядағы азаматтық соғыстың жалғасуына дем беріп отырғанын айыптаған.

АҚШ-тың Ресеймен ешқандай соғыс түрін қаламайтынын ескерткен Картер, бірақ қазіргідей қалыптасып отырған жағдайда АҚШ қорғаныс министрлігінің Ресейдің басқыншылық екпінін ауыздықтау және АҚШ-тың одақтастарын қорғау амалдарын қарастыруға мәжбүр екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG