Accessibility links

Джон Леннонның гитарасы 2,41 млн. долларға сатылды


Beatles тобының мүшесі Джон Леннон (сол жақта) әйелі Йоко Ономен. 26 қаңтар 1970 жыл. (Көрнекі сурет)

Beatles тобының мүшесі Джон Леннон (сол жақта) әйелі Йоко Ономен. 26 қаңтар 1970 жыл. (Көрнекі сурет)

Британдық әйгілі The Beatles тобының мүшесі Джон Леннонның 1960-жылдары қолды болған гитарасы сенбі күні АҚШ-тағы Беверли-Хиллз аукционында 2,41 миллион долларға сатылған. Гитараны сатып алушы өз аты-жөнін жария еткісі келмеген.

Леннон 1962 жылы Ливерпульде сатып алған Gibson J-160E гитарасын кейін The Beatles тобының орындауында күллі әлемге таралған «Love Me Do», «Please Please Me», «I Want to Hold Your Hand» және «From Me to You» әндерін жазған кезде пайдаланғаны мәлім.

1963 жылдың аяғында Лондонда рождество мерекесі кезінде The Beatles қойған концерттен соң ұрланған гитара арада бірнеше жыл өткенде АҚШ-тағы комиссиялық дүкендердің бірінде саудаға қойылған. 1970 жылы гитараны бірнеше жүз долларға сатып алған музыкант Джон Маккоу алғашында оның кімдікі екенінен хабарсыз болған. Уақыт өте келе музыканттың достары бұл аспап The Beatles тобының суреттеріндегі Леннон ұстаған гитараға қатты ұқсайтынын байқаған деп хабарлайды ВВС.

Кейін Леннонның фотосуреттері мен кинокадрларды салыстырып, талдаған сарапшылар бұл аспап бір кездері Джон Леннон жоғалтқан гитара екенін анықтаған.

XS
SM
MD
LG