Accessibility links

Петербургте «Трансаэро» қызметкерлері шеру өткізді


Ресейлік «Трансаэро» әуе компаниясы кеңсесі жанынан өтіп бара жатқан адамдар. Мәскеу, 3 қараша 2015 жыл.

Ресейлік «Трансаэро» әуе компаниясы кеңсесі жанынан өтіп бара жатқан адамдар. Мәскеу, 3 қараша 2015 жыл.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Марс алаңында бүгін «Трансаэро» әуе компаниясының қызметкерлері наразылық жиынын өткізді.

Египетте ресейлік А-321 ұшағы апатында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталған наразылық шарасына қатысушы «Трансаэро» қызметкерлері бұл әуе компаниясын банкрот деп жариялау туралы шешіммен келіспейді.

Қыркүйек айының басында Ресейдің үлкендігі жағынан екінші әуе компаниясы саналатын «Трансаэро» сол елдің негізгі әуе компаниясы «Аэрофлоттың» жедел басқаруына берілген еді. 1 қазанда үкімет «Трансаэро» компаниясын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған. Сол айдың 26-сы күні «Трансаэро» әуе компаниясының лицензиясын үкімет қайтарып алды. «Трансаэро» компаниясының жолаушыларын тасымалдауға кеткен шығынның өтемі ретінде оның 56 халықаралық бағытқа рейстері «Аэрофлотқа» берілетіні хабарланды.

Әуелгіде «Трансаэро» қызметкерлерінің наразылық жиыны қарашаның 1-і өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ, шараны ұйымдастырушылар Ресейдің «Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 жолаушылар ұшағының Синай түбегінде апатқа ұшырауына байланысты наразылық жиынын кейінге шегерген болатын.

XS
SM
MD
LG