Accessibility links

ДБ: Ғаламдық жылынудан 100 миллион адам зардап шегеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік банктің (ДБ) соңғы деректері бойынша, егер кедейлік шегіндегілерді теңіз деңгейінің көтерілуі салдарынан қорғау шаралары жасалмаса ғаламдық жылыну жүз миллион адамды кедейлікке ұрындыруы мүмкін.

8 қарашада жарияланған ДБ есебінде бұл топтағы адамдарға климаттың өзгеруімен байланысты табиғи құбылыстар, оның ішінде құрғақшылық пен су тасқыны кәдімгідей кері әсер етіп жатқаны айтылады.

"Ауқаттыларға қарағанда кедей адамдар табиғи өзгерістер әсерін бірден сезеді. Оларда қауіп-қатерге алдын-ала дайындалып, аман шығуға мүмкіндік беретін әлеуметтік жәрдем мен қаржылық жүйесі жоқ" делінген баяндамада. Дүниежүзілік банк мамандары климаттың өзгеруіне қарай және кедейлерді қорғауды көздейтін шұғыл шаралардың жасалмауынан 2030 жылға қарай тағы жүз миллионнан астам адам кедейлікке ұшырауы мүмкін дейді.

Қарашаның 30-ынан желтоқсанның 11-іне дейін Парижде БҰҰ-ның климаттың өзгеруімен күреске арналған саммиті өтеді. Саммитте ғаламдық температураның жылынуына қарсы іс-шаралар туралы халықаралық келісім жасау көзделген.

Дүниежүзілік банк мамандары ауаға көмірқышқыл газын шығаруды азайту стратегиясы "қазір және 2030 жылға дейін де климаттың өзгеруін тоқтата алмайтынын", бірақ климаттың өзгеруінен туындайтын салдарды азайтуға әсер ете алатынын айтады.

XS
SM
MD
LG