Accessibility links

Хорватия сайлауында консерваторлар алда келеді


Социал-демократиялық партия жетекшісі Зоран Миланович сайлау учаскесінде. Загреб, 8 қараша 2015 жыл.

Социал-демократиялық партия жетекшісі Зоран Миланович сайлау учаскесінде. Загреб, 8 қараша 2015 жыл.

Хорватияда 8 қарашада өткен парламент сайлауында консервативтік оппозиция алда келеді. Берілген дауыстың 50 пайызын санағандағы есеп бойынша, елдің бұрынғы барлау қызметінің басшысы Томислав Крамарко басқаратын консерваторлар 151 орындық парламенттегі 60 мандатқа ие болған. Іс басындағы премьер-министр Зоран Миланович басқаратын Cоциал-демократиялық партия парламентте 53 орынды иеленген. Алдын ала нәтижелер бір де бір партияның сайлауда абсалютті көпшілік дауысты иелене алмағанын көрсетеді. Сайлауда алға шыққан партия бірнеше партиямен ғана басқарушы коалицияны жасақтауы мүмкін.

Миланович таяуда ғана құрылған, айқын саяси ұстанымы қалыптаспаған азаматтардың "Мост" тобын жаңа коалиция жөнінде келіссөз бастауға шақырды. "Хорватия өзгерістерді таңдады. Біз олардың жалғыз өзіміз ғана жасай алмаймыз" деді Миланович.

Хорватиядағы бұл жолғы сайлау елдегі экономикалық ахуал қиындап, мигранттар толассыз келіп жатқан тұста өтіп отыр. Сарапшылар консерваторлардың билікке оралуы мигранттар ағынына ықпал етуі мүмкін дейді. Қыркүйек айында Хорватияны Таяу Шығыстағы қақтығыстардан бас сауғалап, Еуропаның Германия сияқты ауқатты елдеріне барғысы келетін 330 мыңнан астам мигрант кесіп өткен.

XS
SM
MD
LG