Accessibility links

Ливияда Сербияның екі азаматын ұрлап әкетті


Ливияның картасы. (Көрнекі сурет).

Ливияның картасы. (Көрнекі сурет).

Ливияда Сербия елшілігінің екі қызметкерін ұрлап әкетті. Сербия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, елшіліктің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Сладьян Станкович пен жүргізуші Йовиц Степичті елдің солтүстік-батысындағы Сабрата қаласында ұрлап әкеткен.

Министрлік оқиға туралы толық мәлімет бермегенімен, "қосымша ақпараттар алу және өте қиын жағдайда қалған азаматтардың елге қауіпсіз оралуы үшін барлық шараларды жасап жатқанын" хабарлады.

Ливияда 2011 жылы Муаммар Каддафи биліктен құлатылғаннан кейін елде бей-берекетсіздік орнаған. Солтүстік Африкада орналасқан мұнайға бай бұл мемлекетте билікке өзара қақтығысып жатқан екі қарулы топ қолдайтын бақталас екі үкімет ұмтылады.

XS
SM
MD
LG