Accessibility links

Министр: Нан бағасын саясиландырмау керек


Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков парламент депутаттарын Қазақстандағы әлеуметтік нан бағасын қымбаттату мәселесін саясиландырмауға шақырды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Парламент мәжілісінде сөйлеген министр қазір тұтыну себетінде нанның рөлі совет кезеңіндегідей айтарлықтай рөл атқармайтынын айтқан.

Мамытбековтің сөзінше, әлеуметтік аз қамтылғандарға арналған нанды тұрмысы нашар азаматтар мен ауқаттылар бірдей алатындықтан әлеуметтік көмекті оны қажет ететіндерге нақты түрде көрсету керек.

Қазақстан үкіметі бұған дейін 1 қаңтардан бастап нан бағасын реттеу саясатынан бас тартатынын жариялаған. Бұдан соң Қазақстанның кейбір аймақтарында нан бағасы біртіндеп өсе бастаған.

XS
SM
MD
LG