Accessibility links

Мьянмадағы сайлауда оппозиция жеңгені хабарланды


Оппозициялық "Демократия үшін ұлттық лиганың" жетекшісі Аун Сан Су Чжи.
Оппозициялық "Демократия үшін ұлттық лиганың" жетекшісі Аун Сан Су Чжи.

Мьянмада 8 қарашада өткен парламент сайлауында Аун Сан Су Чжи басқаратын оппозициялық "Демократия үшін ұлттық лига" берілген дауыстың 70 пайызға жуығын жинады. Бұл туралы бүгін осы партияның өкілі Вин Тхеин мәлімдеді.

Басқарушы коалиция партиясы - одақтас "Ынтымақтастық және даму" партиясы төрағасының міндетін атқарушы У Хтай Оо сайлауда жеңілгендерін мойындады.

Бірақ әзірге "Демократия үшін ұлттық лиганың" парламентте елдегі атқарушы билік органына бақылау жасайтындай депутаттық орынға ие болғаны, я иелене алмағаны белгісіз. Мьянма конституциясы бойынша, парламенттегі орынның 25 пайызы қарулы күштердің өкілдері үшін сақтаулы.

Парламент сайлауының алғашқы ресми мәліметтері бүгін күннің екінші жартысында белгілі бола бастамақ. Сайлаудың түпкілікті нәтижесі 10 қарашада белгілі болады.

Бұл жолғы сайлау Мьянма үшін елдің әскери диктатурадан демократияға қарай өтуіндегі шешуші кезең болмақ.

1990 жылы Мьянмада өткен парламент сайлауында құқыққорғаушы Аун Сан Су Чжи басқаратын «Демократия үшін ұлттық лига» жеңіске жеткенімен әскерилер сайлау күшін жойып, елде диктатура енгізген. Содан бастап 15 жыл бойы үйқамақта отырған Аун Сан Су Чжиге кейін Нобельдің бейбітшілік сыйлығы берілген. 2010 жылы Мьянмада басталған демократиялық өзгерістер нәтижесінде Аун Сан Су Чжи үйқамақтан босатылған. 2012 жылы оның партиясы парламентке аралық сайлауда жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG