Accessibility links

CIT: Сириядағы Ресей сарбаздары ұрысқа жақын жүр


Қару ұстаған ресейлік сарбаз. CIT блогерлерінің ұйғарымынша, сурет Сириядағы Ресей әскери базасынан тыс жерде түсірілген.
Қару ұстаған ресейлік сарбаз. CIT блогерлерінің ұйғарымынша, сурет Сириядағы Ресей әскери базасынан тыс жерде түсірілген.

Conflict Intelligence Team (CIT) тобының блогерлері Сирияда Латакия және Тартус қалаларында орналасқан Ресей әскерилері мен техникаларының "базаларынан 100 километрден астам қашықтықта жүргені" көрсетілген суреттерді жариялады.

Белсенділер интернетте жарияланған Ресейдің 74-жеке мотоатқыштар бригадасы сарбаздарының суреттерін зерттеген. Сириядан түсірілген суреттердің геолокациялық мәліметтерін сұрастырып білген белсенділер сарбаздардың КамАЗ көлігімен Хмеймим мен Латакиядағы әуе базаларынан 100 километрден астам қашықтықтағы Хама қаласында кетіп бара жатыр деп тұжырым жасаған. Белсенділер интернетке теңіз жаяу әскері 810-жеке бригадасының қызметкері Владимир Болдырев салды делінген басқа да суреттерде ресейлік әскерилер Дамаск пен Алеппо қалаларын жалғайтын күре жол маңында жүр дейді. Блогерлер бұған қоса бас барлау басқармасы 16-жеке бригадасының сарбазы Илья Горелыйдың Instagram-да жариялаған суретіне де сілтейді. Горелый Алеппо мен Хомстан түсірілген суреттерін жариялаған.

CIT блогерлері ресейлік әскерилер Сирия үкімет әскерінің түрлі көтерілісшіл топтармен соғысып жатқан аймағына жақын жүр дейді.

Ресей Сирияда әуе шабуылдарын 30 қыркүйекте бастаған. Кремль тек "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы позицияларын бомбалап жатқанын, Сирияда құрлықтағы операция жүргізу жоспары жоғын айтады. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі Сирия үкіметіне әскери кеңес беріп, қару жеткізуі мүмкін екенін жоққа шығармаған. Сирия оппозициясы мен Батыс елдері Ресей президент Башар Асад билігімен соғысып жатқан көтерілісшілермен күресіп жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG