Accessibility links

Ұлттық банк: Борышкерлер мәселесі реттеле бастады


Ұлттық банк ғимараты, Алматы. (Көрнекі сурет).
Ұлттық банк ғимараты, Алматы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан ұлттық банкі 3 мың 500 проблемалық ипотекалық несие қайта қаржыландырылғанын хабарлады. Ұлттық банктің 9 қарашада таратқан ақпараты бойынша, 1 қарашаға дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысуға 11 мың өтініш түскен. Оның 6 мыңы бойынша несиені қайта қаржыландыру туралы оң шешім шыққан.

Биыл ақпан айында президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банкке үкіметпен бірлесіп ипотекалық тұрғын үй бойынша қарызын өтей алмай жүргендердің мәселесін шешуді тапсырған. Бұдан соң ұлттық банк проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін 130 миллиард теңге қаржы бөлген. Ол қаржының жартысына жуығы екінші деңгейлі банктерге аударылған.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, қазақстандық банктердің қарызға берілген қаржысындағы проблемалық несиелердің үлесі 30 пайыздан асып кетеді. Қазақстанда 2008 жылдан бастап ипотекалық несиесін төлей алмайтындардың қоғамдық ұйымдары қызмет етеді. Ол ұйымдар әлемдік экономикалық дағдарыс пен форс-мажорлық жағдайға сілтеп, билікті несиелерін төлей алмағаны үшін салынған айыппұлдың жойылуына немесе банк алдындағы қарыздарының кешірілуіне ықпал етуге шақырады.

XS
SM
MD
LG