Accessibility links

Сот протестанттың бас бостандығын 7 жылға шектеді


Ықылас Қабдуақасов, "Жетінші күн адвентистері" шіркеуінің мүшесі. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Ықылас Қабдуақасов, "Жетінші күн адвентистері" шіркеуінің мүшесі. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Астанада сот "Жетінші күн адвентистері" шіркеуінің мүшесі, "діни алауыздық тудырды" деп айыпталған Ықылас Қабдуақасовқа жеті жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Сарыарқа аудандық 2-сотының судьясы Қабдуақасовтан бұған қоса сот шығындары үшін 150 мың теңгеге жуық қаржы өндіріп алуға үкім етті.

Бұған дейінгі сотта прокурор Қабдуақасовты "діни алауыздық қоздыру" бабы бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыруды және мемлекет пайдасына 150 мың теңге өндіруді сұраған.

Тергеу материалы бойынша, Ықылас Қабдуақасов 2014 жылдың қарашасы мен 2015 жылдың тамызы аралығында Астанада жалға алған пәтерлерде Еуразия университеті студенттеріне дәріс оқыған кезде «діни алауыздық тудыратын» пікір айтқан. Ол биыл тамыздың 14-і күні ҰҚК-нің Астана қаласындағы тергеу абақтысына қамалған. Ықылас Қабдуақасов өзіне таққан айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген. Ал адвокаты Гүлмира Шалдақова бұған дейін соттан Қабдуақасовты ақтауды сұраған.

XS
SM
MD
LG