Accessibility links

Қордайда Ермек Тайшыбековтің соты жалғасты


Сотталушы Ермек Тайшыбековтің ағасы Марлен Тайшыбеков. Қордай, Жамбыл облысы, 9 қараша 2015 жыл.
Сотталушы Ермек Тайшыбековтің ағасы Марлен Тайшыбеков. Қордай, Жамбыл облысы, 9 қараша 2015 жыл.

Жамбыл облысының Қордай ауданында бүгін блогер, "ұлтаралық алауыздық тудырды" деп айыпталған Ермек Тайшыбековтың соты жалғасты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгінгі сотта куәгер - Тайшыбековтің үстінен шағымданған Алматы қаласының тұрғыны Ботагөз Исаеваның жауабы тыңдалмақ. Исаева шағымында Тайшыбековтің Facebook-тегі жазбалары ұлтаралық алаууыздық тудырады деген. Сотта тағы бірнеше куәгерді де сөйлету жоспарланған.

Сот процесін аудиоға жазуға, сот залынан видео және сурет түсіруге тыйым салды.

Сот басталғанға дейін сотталушының ағасы Марлен Тайшыбеков Ермек Тайшыбеков "жеке көзқарастары үшін" сотталып жатыр деген. Ермек Тайшыбеков бұған дейінгі сотта өзіне қарсы істі қолдан жасалған деп санайтынын айтқан.

Қордай ауданының 37 жастағы тұрғыны Ермек Тайшыбеков Facebook және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде ресейшіл бағыттағы, Қазақстан мен Ресейдің саяси қарым-қатынасын тереңдетуге үндеген сарындағы пікірлерімен танылған. Оған қарсы іс 30 маусымда қозғалған.

Тайшыбеков тамыз-қыркүйек айларында Алматыдағы психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына жатқызылған.

XS
SM
MD
LG