Accessibility links

Түркия: ИМ-ге қосылмақ болған 38 шетелдік ұсталды


ИМ тобы. Көрнекі сурет.

ИМ тобы. Көрнекі сурет.

Түрік полициясы елдің оңтүстігіндегі Адана провинциясында Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қосылмақ болған 38 шетел азаматын ұстағанын хабарлады.

Ұсталғандардың 14-і - Әзербайжаннан, жетеуі – Индонезиядан, бесеуі - Ирактан, бесеуі - Қырғызстаннан, үшеуі – Ираннан, екеуі - Тәжікстаннан, екеуі - Ауғанстаннан барған. Қолға түскендердің арасында 10 әйел мен 15 бала бар.

Шетелдіктерді «Ислам мемлекеті» бақылайтын Сирияға жөнелтпек болды деген күдікпен тағы екі адам ұсталды. Тиісті процедурадан соң тұтқындар депортациялау үшін миграциялық қызметке жөнелтілді.

Былтыр қарашада Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Нұртай Әбіқаев «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қатарында 300 қазақстандық соғысып жүргенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG