Accessibility links

Астаналық белсенді Біләлов 3 күнге қамалды


Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов. Астана, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов. Астана, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Астаналық белсенді Болатбек Біләлов 9 қарашада «әлеуметтік және ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деген айыппен үш күнге абақтыға қамалды. Бұл мәліметті оның ағасы Қанат Біләлов мен зайыбы Ақмарал Азаттыққа растады.

Полиция 29 қазанда Болатбек Біләловтің Астанадағы үйіне тінту жүргізіп, оның кейбір құжат-қағаздарын, электрондық деректер сақталған компьютерін, іPad, ұялы телефон және басқа заттарын алып кеткен еді.

Астана полициясы 30 қазанда Болатбек Біләловтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

Болатбек Біләлов Астанадағы сүрілуі тиіс үйлер тұрғындарының мүддесін сотта қорғаушы ретінде танымал. Сонымен бірге ол - ресейлік зымырандарды Байқоңырдан ұшыруға қарсы шығып жүрген «Антигептил» тобының белсендісі.

XS
SM
MD
LG