Accessibility links

Екатеринбургте тәжікті "Талибан" деп ұстады


"Талибан содыры" деген күдікке іліккен Асладин Нұров. Тәжікстан. 9 қараша 2015 жыл.
"Талибан содыры" деген күдікке іліккен Асладин Нұров. Тәжікстан. 9 қараша 2015 жыл.

Екатеринбург полициясы "заңсыз әскери құрылымдарға қатысуы мүмкін" деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 28 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады.

Полицияның хабарлауынша, Асладин Нұровты ұстау операциясы федералдық қауіпсіздік қызметі мен Ресей ішкі істер министрлігі, "Интерпол" ұлттық орталық бюросының экстремизммен күрес қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Куәгерлердің мәлімдеуінше, күдікті 2005-2008 жылдары ирандық діни мекемелердің бірінде оқып, әскери өнерді үйренген соң Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында «Талибан» қозғалысы жағында соғысқан.

Свердловск облысындағы Ресей ІІМ мемлекеттік басқармасының баспасөз хашысы Валерий Глобых: "Ол Екатеринбургке жолаушылар ұшағымен құқық қорғау органдарынан бой тасалу үшін келген. Жалға алған пәтерде тығылып жатпақ болған жерінде қолға түсті" деді.

Күдіктіні Тәжікстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG