Accessibility links

Обама Ақ үйде Нетаньяхумен кездесті


АҚШ президенті Барак Обама Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесіп отыр. Вашингтон, 9 қараша 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесіп отыр. Вашингтон, 9 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесіп, израиль-палестин жанжалын бейбіт реттеу жолдарын іздестіруге бейіл екендерін білдірді.

Кездесу екі ел арасындағы бұрыннан достық ауандағы қарым-қатынастың күрделі кезеңін аяқтайды. АҚШ-Израиль қарым-қатынасының Иранмен ядролық келісімге байланысты шиеленісуі биылғы жылдың басында күшейген. Бұл жолғы кездесу тараптардың Обаманың президенттік өкілеттігі аяқталғанға дейін екі жақты қатынастарды жандандыру әрекеті ретінде қарастырылып отыр.

Ақпарат құралдары үшін жасаған мәлімдемесінде Обама Иранға қатысты келіспеушілікті екі елдің "жеке мәселесі" деп атады. "Бізде Иран ядролық держава болмауы тиіс немесе оның бей-берекетсіздік туындататын әрекеттеріне тежеу қоя керек деген мәселеге қатысты ешқандай келіспеушілік жоқ. Бұл мәселеде біз ортақ шешім табатын сияқтымыз" деді Обама.

Израиль мен Палестина арасында жаңа зорлық-зомбылық көріністері пайда болғанына қарамастан Обама мен Нетаньяху мәселені жалпы бейбіт түрде реттеуді көздейтін диалогтың жалғасатынына үміт білдірді.

Екі ел басшылары бұған қоса АҚШ пен Израильдің әскери-стратегиялық серіктестігі туралы келісімді 10 жылға ұзарту жайын талқылады.

XS
SM
MD
LG