Accessibility links

Венада Сирия келіссөзі жалғасады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

14 қарашада Венада Сириядағы қақтығысқа тоқтатуға қатысты келіссөздің келесі кезеңі өтеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің 9 қарашада мәлімдеуінше, Сириядағы азаматтық соғысты тоқтату жоспарын мақұлдау туралы келіссөздің келесі кезеңіне 17 тарап, оның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы өкілдері қатысады.

АҚШ билігінің мәліметінше, келіссөзге Сирия оппозициясының өкілдері мен Сирия президенті Башар Асад үкіметінің шенеуніктері қатысады деген жоспар жоқ. Келіссөзге Иран, Ресей, Сауд Арабиясы мен Түркия өкілдері де қатыспақ. Келіссөздің бұған дейінгі кезеңі 30 қазанда өткен.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирбидің айтуынша, Керри Венада келіссөзден өзге бірқатар елдің сыртқы істер министрлерімен екі жақты және көп жақты кездесу өткізеді. Тараптар келіссөзде Сириядағы қақтығысты тоқтатып, онда өтпелі үкімет құруды талқылайды.

Сирияда 2011 жылы оппозициялық күштер мен Асад үкіметі әскері арасында басталған азаматтық соғыстан 250 мыңнан астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG