Accessibility links

"Жас Алаш" сотында жарыссөз басталды


"Жас Алаш" басылымының үстінен өтіп жатқан сот процесі. Алматы, 10 қараша 2015 жыл.

"Жас Алаш" басылымының үстінен өтіп жатқан сот процесі. Алматы, 10 қараша 2015 жыл.

Алматыда бүгін «Жас Алаш» газетінің үстінен жазылған шағым бойынша сот жалғасты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алмалы аудандық 2-сотында өтіп жатқан сот бүгін жәбірленуші тарап пен жауапкер тараптың жарыссөзіне ұласты.

Сот Тибет медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының шағымы бойынша өтіп жатыр. Шағымданушы "Жас Алаш" газетінің шуығуын алты айға тоқтатып, өзіне 400 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етеді.

Жасан Зекейұлы соттан газеттің шығуын алты айға тоқтатуды, басылым мен тағы үш адамға жиыны 400 миллион теңге (1 миллион 500 мың долларға жуық - ред.) өтемақы төлетуді сұрайды. Оның ішінде «Жас Алаш» газетіне «тиесілі» сома - 100 миллион теңге (370 мың доллардай ақша - ред.). Шағымданушы қалған 300 миллион теңгені өзінің бұрынғы әйелі, бұрынғы қайын атасы және "Жас Алаштың" бір оқырманынан теңдей 100 миллионнан өндіріп беруді талап етеді. Жасан Зекейұлы газеттің жазбаша түрде кешірім сұрауын да талап еткен.

Басылымның үстінен сот қазанның 12-сі күні басталған.

XS
SM
MD
LG