Accessibility links

Өзбекстанда "ИМ-мен байланысы бар" 40 адам ұсталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен 40-тан астам адам тұтқындалды. Зангиата және Шайхантахур аудандарында ұсталғандардың туыстарының айтуынша, ұсталғандардың көпшілігі - "Хизб-ут-Тахрир" партиясының мүшелері.

Ұсталғандар арасында Түркия мен Ресейде жұмыс істеп келгендер де бар деген мәлімет айтылды.

6 қарашада Өзбекстан құқық қорғау органдары Ташкентте "Сириядағы содырлармен байланыс орнатқан салафиттер тобының ұсталғаны" туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG