Accessibility links

Оралда уланған оқушылар ауруханада шықты


Оралдағы Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернаты. 3 қараша 2015 жыл.

Оралдағы Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернаты. 3 қараша 2015 жыл.

Оралдағы Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 "Дарын" мектеп-интернатының астан уланып ауруханаға түскен 129 оқушысы түгел ауруханадан шығарылды. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың Азаттыққа хабарлауынша, оқушыларға дизентерия деген диагноз қойылған. Мектеп асханасының 22 жұмысшысы қазір ауруханада дәрігерлер бақылауында.

Мектеп-интернат оқушылар 30 қазанда астан уланып ауруханаға түсе бастаған.

Бұған дейін жергілікті билік оқушылар "мекеп асханасында ас мәзірінің сақталмауынан" уланғанын және асхананы тексеру кезінде санитарлық талаптардың бұзылғанын хабарлаған. Қазір мектеп-интернаттың жұмысы уақытша тоқтаған.

Мектеп-интернат басшылығы оқушылардың жаппай улануының себептері туралы биліктің тұжырымымен келіспейді және асханадағы тамақ санитарлық талаптарға сай болған дейді.

XS
SM
MD
LG