Accessibility links

Мальтада миграция мәселесі жайлы саммит өтеді


Грекияның Лесбос аралына жақындап келе жатқан мигранттар. 10 қараша 2015 жыл.

Грекияның Лесбос аралына жақындап келе жатқан мигранттар. 10 қараша 2015 жыл.

Мальтада бүгін Еуропа Одағы мен Африканың миграция мәселесіне арналған екі күндік саммиті басталады. Саммитке ол аймақтағы елдердің 50 басшысы қатысады.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, саммитте талқыланатын басты тақырып Африка мен Таяу Шығыс елдерінен Ливия арқылы Еуропаға бас сауғалаған мигранттар санын азайту жолдары болмақ.

Жиында Еуропа Одағы Африка елдерін экономикалық мигранттарды елдеріне қайтаруға шақырады деп болжанған.

Биыл Еуропа елдеріне 800 мыңға тарта мигрант барған.

XS
SM
MD
LG