Accessibility links

Тәжік әйелі өліміне қатысты Ресей сарбазы ұсталды


Тәжікстандағы Ресей сарбазы. (Көрнекі сурет).
Тәжікстандағы Ресей сарбазы. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан билігі Ресей әскери базасындағы тәжік әйелдің өліміне байланысты ресейлік сарбаз Иван Щербаковты қамауға алды. 26 жастағы лейтенант Щербаков Душанбеге жақын орналасқан Рсеей әскери базасында қызмет етеді. Тәжік билігі оны Ресей базасындағы офицердің пәтерінде өлі күйінде табылған Шойра Жабброрваның қазасына қатысы бар деп айыптайды.

Алдын ала мәлімттер бойынша, Жабборованы офицердің үйіне Щербаков шақырған. Тәжік билігі бұл оқиғаға байланысты Мәскеуге дипломатиялық нота жолдап, "Ресей базасындағы әскерилердің мұндай істерді қайталауын болдырмау шараларын жасауды" талап еткен.

Тәжікстандағы Ресей әскерилері France Press агенттігіне полицияға тергеу ісіне көмектесіп жатқанын айтқан.

Тәжікстандағы Ресей әскерилері жергілікті тұрғынды өлтіруге қатысты осымен екінші рет айыпталып отыр. Тамыз айында осы әскери базаның екі әскери қызметкері 2014 жылы Душанбеде тәжік такси жүргізушісін өлтірді деген айыппен 17 және 13 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG