Accessibility links

"Қазақстан" РТРК: Семейде тілшілер қосыны құрылады


«Қазақстан» мемлекеттік телерадио корпорациясы сайтындағы «Қазақстан-Семей» арнасына арналған парақ.

«Қазақстан» мемлекеттік телерадио корпорациясы сайтындағы «Қазақстан-Семей» арнасына арналған парақ.

"Қазақстан" республикалық телерадио корпорациясына қарайтын "Қазақстан-Семей" телеарнасының орнына Семейде 30 қызметкерден тұратын тілшілер қосыны құрылады деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.

Өткен аптада "Қазақстан-Семей" телеарнасының журналистері келесі жылдан бастап арнаның жабылып, корпорацияның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы - "Қазақстан-Өскемен" арнасымен бірігетініне қарсылық білдірген. Аты-жөнін айтуды қаламаған кейбір қызметкерлер корпорация ұсынған басқа аймақтардағы жұмысқа отбасы, үй жағдайына байланысты бара алмайтындарын айтқан.

Корпорация 2018 жылға қарай Қазақстан аумағында сандық хабар тарату жүйесіне толық өтетінін айтып, "«Қазақстан-Семей» телеарнасын "Қазақстан-Өскемен" телеарнасы құрамына қосу туралы шешім "мемлекеттік қаражатты тиімді жұмсау мақсатында" қабылданғанын жеткізген. Корпорация телеарнаның материалдық-техникалық базасындағы танымал бағдарламаларды «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының хабар тарату кестесіне қосу арқылы сақтап қала отырып, Семейде кеңейтілген тілшілер қосынын құру туралы шешім қабылданғанын айтады.

Қазір Семей қалалық телеарнасының жаңа жағдайдағы өндіріс көлемін анықтау үшін корпорация қызметкерлерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылған.

XS
SM
MD
LG