Accessibility links

Польша Ресейді ұшақ апатына қатысты сотқа бермек


Польша сыртқы істер министрлігінің өкілі Витольд Ващжуковски.

Польша сыртқы істер министрлігінің өкілі Витольд Ващжуковски.

Польша Ресейді 2010 жылы құлаған, Польша үкіметі өкілдері болған ұшақ сынықтарын бермей отырғаны үшін сотқа бермек. 2010 жылы сәуірде Смоленск түбіне құлаған ұшақта 96 адам, оның ішінде Польша президенті Лех Качинский мен үкіметтің бірнеше жоғары шенді өкілдері қаза тапқан. Ресей содан бері "апат себебін анықтауға керек" деп, ұшақ сынықтарын Польшаға қайтарудан бас тартып келеді.

Польша сыртқы істер министрлігінің өкілі Витольд Ващжуковскидің TVN24 телеарнасына айтуынша, Варшава Ресейді "Польша мүлкін ұстап, қайтармай отырғаны үшін" Страсбургтегі адам құқығы жөніндегі сотқа береді.

"Ресейдің ұшақ сынықтарын саяси мақсатта қайтармай отырғаны белгілі, сондықтан біз оған саяси мәнерде жауап беруіміз керек" деді Ващжуковски.

Польша мен Ресей тергеушілері ұшақ апатына ұшқыштың қателігі мен қолайсыз ауа-райы себеп болды дейді.

Качинскийдің бауыры Ярослав Качинский "Заң және әділет" партиясын басқарады. Бұл партия өткен айда сайлауда парламентте көпшілік орынға ие болған. Жаңа консервативтік үкіметтегі кейбір министрлер Польша басшылары отырған ұшақ апатына Ресейдің қатысы бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG