Accessibility links

Шымкентте ауыл шаруашылығы көрмесі басталды


Ауыл шаруашылығы көрмесіне қойылған техникалар. Шымкент, 11 қараша 2015 жыл.

Ауыл шаруашылығы көрмесіне қойылған техникалар. Шымкент, 11 қараша 2015 жыл.

Шымкенттегі Көрме орталығында «AgriTekShymkentʼ2015» төртінші халықаралық мамандардырылған ауылшаруашылық көрмесі өтіп жатыр.

TNT Productions, LLC халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған көрмеде Қазақстаннан бөлек Түркия, Ресей, Германия, Испания, Италия сияқты он елдің 70 компаниясы өз өнімдерін ұсынуда.

Шара Көрме орталығының ауласы мен үлкен залында өтіп жатыр. Аулада ауылшаруашылығы саласында қолданылатын техникалар мен жабдықтар, үлкен залда негізінен тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау заттары қойылып, жеміс-жидектер мен көкөністерді өсіру технологиясы ұсынылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Полатбай Тастановтың Азаттыққа айтуынша, көрмеде ауыл шаруашылығына арналған озық технологиялар қойылды.

«Көрмеге шетелдік 1300-дей делегат қатысуда. Бұл көрме, тамшылатып суғару, ылғалды үнемдеу сияқты жаңа технологияларды дихандардың игеруіне сеп болады. Көрмеге қойылған технологияларды шаруалар келіп көріп, компаниялармен келісім шартқа отыра алады» дейді Полатбай Тастанов.

Полатбай Тастанов «бүгінде ауыл шаруашылығының дамуына басты кедергі - қаржы, ал жетістігі – ылғалды үнемдеу технологиясы» екенін айтты.

Көрме 13-қарашаға дейін жалғасады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG