Accessibility links

Кабулде наразылық акциясы өтті


Ауғанстанда жеті хазардың өліміне байланысты наразылық акциясына жиналғандар. Кабул. 11 қараша 2015
Ауғанстанда жеті хазардың өліміне байланысты наразылық акциясына жиналғандар. Кабул. 11 қараша 2015

Кабулде мыңдаған шеруші Ауғанстан президент резиденциясы маңына жиналып, жеті этникалық хазарды содырлардың өлтіріп кетуіне байланысты наразылық білдірді. Мәйіттер салынған табытты көтерген шерушілер «Олар бүгін бізді өлтіреді, ертең сендерді өлтіреді» деп айғайлады.

Марқұмдардың денесі өткен жексенбіде соңғы бірнеше жыл бойына «Талибан» экстремистік қозғалысының өзара жауласқан топтары арасында ұрыс жүріп жатқан Забул провинциясынан табылған. Олардың төртеуі - ер адам, екеуі - әйел, біреуі - бала. Ауған билігінің мәлімдеуінше, қаза тапқан азаматтар 2015 жылдың басында Забулмен көрші Газни провинциясында ұрланған ондаған хазарлардың арасында болған.

XS
SM
MD
LG