Accessibility links

ХОК мүшесі Ламин Диак допинг дауынан қызметтен кетті


Халықаралық атлетика қорының қызметінен кеткен президенті, Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) құрметті мүшесі атағынан уақытша айырылған Ламин Диак.
Халықаралық атлетика қорының қызметінен кеткен президенті, Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) құрметті мүшесі атағынан уақытша айырылған Ламин Диак.

Халықаралық атлетика қорының президенті, Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) құрметті мүшесі Ламин Диак қызметінен кетті. Француз билігі оны өткен аптада коррупция айыбымен тұтқындаған. Диак пара алып, негізінен ресейлік атлеттердің допинг қолданатынын жасырды деген күдікке ілінген. Диак бұрын Халықаралық атлетика федерациялары ассоциациясының президенті болған. ХОК Диакты комитеттің құрметті мүшесі деген атағынан да уақытша айырған.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (ДДҚА) өткен аптада ресейлік спортшылардың жиі допинг қолданғаны туралы есебін жариялаған. Онда Ресейде тыйым салынған препараттарды қолдануды мемлекеттік деңгейде қолдайтын бағдарлама жұмыс істейтіні айтылған.

Ресей президенті Владимир Путин 11 қарашада Сочиде 2016 жылы Бразилияда өтетін олимпиададағы Ресейдің жоспарларын талқылауға арналған жиынға бармай қалды. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, жиынға баруға "нөсер жауынға байланысты ұшақ рейстерінің шектелуі" себеп болған.

ДДҚА Ресей билігі допинг қолдануға қатысты мәселені шешпейінше ресейлік атлеттерді халықаралық жарыстардан, оның ішінде Бразилияда өтетін жазғы олимпиададан шеттетуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG