Accessibility links

Мәсімов: ЕО-мен әріптестік келісіміне таяуда қол қоямыз


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов желтоқсанда Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) арасында жаңа кеңейтілген әріптестік келісіміне қол қою жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Еуразиядағы экономикалық даму мәселелеріне арналған халықаралық Астана клубының алғашқы отырысында сөйлеген Мәсімов Қазақстанның "ЕО-мен қарым-қатынасты жалғастыруды және тереңдетуді қалайтынын" айтты. Оның сөзінше, ЕО-мен келісімге қол қоюдың барлық шартты жұмыстары аяқталып қалған.

Мәсімов жиында Астананың Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) деген ұстанымын да білдірді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік алғаннан бері көпвекторлы саясат жүргізіп келе жатқанын айтқан Мәсімов Қазақстан Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) "саяси құрамы жоқ экономикалық жоба" ретінде қабылдайтынын жеткізді.

Астана мен Брюссель 280 парақтан тұратын "Әріптестік және ынтымақтастық туралы" кеңейтілген келісім жобасын бес жылға жуық уақыт талқылаған. ЕО Орталық Азиядағы ірі экономика әрі Ресейдің ЕАЭО-дағы негізгі әріптесі Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуге ынталы.​

XS
SM
MD
LG