Accessibility links

Оралда белсендінің көлігі терезесін шағып кетті


Азаматтық белсенді Лұқпан Ахмедьяровтың көлігінің сынған терезесі. 12 қараша 2015 жыл. Сурет белсендінің Facebook парақшасынан алынды.

Азаматтық белсенді Лұқпан Ахмедьяровтың көлігінің сынған терезесі. 12 қараша 2015 жыл. Сурет белсендінің Facebook парақшасынан алынды.

Оралда өткен түні белгісіз адамдар азаматтық белсенді, журналист Лұқпан Ахмедьяровтың көлігінің терезесін сындырып кетті. Ахмедьяровтың айтуынша, өзі тұратын көп пәтерлі үйдің ауласындағы көліктен белсендінің жеке басын куәландыратын құжаты мен көлігінің құжаттары ұрланған.

«Әлдебіреулер көлігімнің терезесін таспен сындырып кетіпті. Құжаттар салынған қапшығымнан басқа заттарым орнында. Көлігімнің жанында өзге үш көлік тұрған. Оларға ешнәрсе болмаған» деп жазды «Абырой» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Лұқпан Ахмедьяров бүгін Facebook-тегі парақшасында.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, белсенді оқиға орнына полиция шақырып, көлігінің терезісін қиратып, заттарын ұрлағаны туралы шағым жазған.

Ахмедьяров бұл оқиғаны кеше Орал орталығында жергілікті белсенділердің биліктен Қазақстан аумағында Ресей әскери полигондарын жабуды талап еткен үндеуге қол жинау акциясын өткізуімен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG