Accessibility links

Ресей ҰОК: Допингке кінәлілер жазалануы тиіс


Лондон олимпиадасында жүлде алған ресейлік жеңіл атлеттер.

Лондон олимпиадасында жүлде алған ресейлік жеңіл атлеттер.

Ресей ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) жеңіл атлеттердің допинг қолданғанын мемлекеттік деңгейде қолдайтын жүйеге қатысы бар деген айыптан соң допинг қолдануға қарсы жұмыста ынтымақтасатынын және кінәлілерді қатаң жазалауды қолдайтынын мәлімдеді. Бірақ комитет бұл дауға байланысты түгел команданы жарыстан шеттету допинг қолданбаған спортшыларға зиян шектіретінін айтады.

9 қарашада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік ресейлік спортшылардың жиі допинг қолданғаны туралы есебін жариялаған. Онда Ресейде тыйым салынған препараттарды қолдануды мемлекеттік деңгейде қолдайтын бағдарлама жұмыс істейтіні айтылған. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бұдан соң ресейлік спортшылардан допинг қолданғаны үшін медальдерін қайтарып алуға дайын екендігін білдірген.

Ресей ұлттық олимпиада комитеті мәлімдемесінде "Тыйым салынған препараттарды қолданғандар мен оны қолдануға тікелей, я жанама көмектескендер квалификациясынан айырылуы керек. Кінәсі дәлелденсе, қатаң жазалануы тиіс" дейді.

Бірақ комитет президент Владимир Путиннің ХОК "кейбіреулер айтатындай барлық спортшылар жазаланбауы тиіс" деген мәлімдемесін қайталады. ҰОК "халықаралық жарыстарда кінәсі жоқ атлеттердің құқығы қорғалуы тиіс" дейді.

XS
SM
MD
LG