Accessibility links

FIFA: Президенттікке бес үміткер тіркелді


FIFA эмблемасы. (Көрнекі сурет)
FIFA эмблемасы. (Көрнекі сурет)

Халықаралық футбол федерацияларының ассоциациясы (FIFA) 2016 жылдың 26 ақпанында өтетін ұйым президентін сайлауға бес адамның кандидатурасын мақұлдады.

Цюрихте орналасқан FIFA бүгін Иордания ханзадасы Әли Әл Хусейн, Шейх Салман Бин Ибрахим Әл Халифа, Джером Шампань, Джанни Инфантино мен Токио Сексваленің бірнеше сынақтан соң президенттікке кандидат болып тіркелгенін хабарлады.

Өткен айда FIFA президенттігінен басты үміткерлер ретінде аталған Мишель Платини мен Муса Хассан Билити үміткер ретінде тіркеле алмаған.

Биыл мамыр айында FIFA-да коррупция туралы жанжал шығып, Цюрихте осы ұйымның жеті шенеунігі ұсталған еді. Бұл іске қатысты АҚШ-та, кейін Швейцарияда тергеулер басталған. Бұдан соң FIFA президенті Йозеф Блаттер отставкаға кететінін мәлімдеген. Қыркүйекте Швейцария заң орындары Блаттердің үстінен «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» және «заңсыз қаржы иемденген» деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG