Accessibility links

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 12 қарашада ресми сапармен Қытайға барды. Түркіменстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, сапар екі ел арасында салынып жатқан газ құбыры құрылысын ілгерілетуді көздейді.

Түркіменстан-Қытай трансұлттық газ құбыры желісі Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстан арқылы өтпек.

Түркімен ақпарат құралдары газ құбыры желісін "21-ғасырдың ғаламат жобасы" деп атай бастады.

Түркіменстанның экспортқа шығаратын табиғи газының көп бөлігін Қытай сатып алады.

Бірақ Бердімұхамедов 7 қарашада елдегі мемлекеттік компанияларға Түркіменстаннан Ауғанстан, Пәкістан арқылы Үндістанға баратын TAPI құбыры желісі құрылысын бастауды тапсырған.

XS
SM
MD
LG