Accessibility links

Еуропа қазақтары жайлы кітап жарық көрді


Журналист Досан Баймолданың "Европадағы қазақтар" атты кітабы. (Сурет Досан Баймолданың Facebook-тегі парақшасынан алынды).

Журналист Досан Баймолданың "Европадағы қазақтар" атты кітабы. (Сурет Досан Баймолданың Facebook-тегі парақшасынан алынды).

Журналист Досан Баймолданың «Европадағы қазақтар» атты кітабы жарық көрді. Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітап таралымы - 2000 дана.

Кітап авторының Азаттыққа айтуынша, зерттеу кітабында "қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, ондағы этникалық қазақтардың қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс-тіршіліктері, қазіргі кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтары" сөз болады.

Кітап автордың Азаттық радиосында қызмет істеген жылдарында жинаған мұрағат құжаттары, Еуропада тұрып жатқан қазақтар арасында жүргізген сауалнамалар мен сұхбаттарынан құралған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG