Accessibility links

Киев: СССР-дің Қырым татарларын депортациялауы - геноцид


Қырым татарлары түбекте өздеріне қарсы қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етіп Ресей елшілігі алдында акция өткізіп тұр. Киев, 6 қараша 2015 жыл.

Қырым татарлары түбекте өздеріне қарсы қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етіп Ресей елшілігі алдында акция өткізіп тұр. Киев, 6 қараша 2015 жыл.

Украина Жоғарғы Радасы 1944 жылы Қырым татарларының жаппай депортациялануын геноцид деп танитын қарар қабылдады. Құжатқа сәйкес, бұдан былай 18 мамыр – Украинада геноцид құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Қырым татарлары ұзақ жылдар бойы Киевті депортацияны геноцид деп тануға шақырып келген еді.

1944 жылы 18 мамырда СССР басшысы Иосиф Сталин Қырым татарларын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде «нацистерге болысты» деп айыптап, тұтас халықты атамекенінен күштеп жер аударуға бұйрық берген. Бұдан соң 160 мыңнан аса Қырым татарлары Сібір мен Орталық Азияға күштеп көшірілген. Олардың шамамен 40 пайызы жолда немесе көшіп барғаннан кейін қысқа уақыттың ішінде қаза тапқан. 1980 жылдардың соңында Қырым татарларына Қырым түбегіне қайта оралға рұқсат етілген.

Қырымда тұратын татарлардың көпшілігі 2014 жылы наурызда Ресейдің түбекті аннексиялап алуына наразылық танытқан.

XS
SM
MD
LG