Accessibility links

Ливандағы жарылыстардан 37 адам мерт болды


Бейруттағы жарылыс болған орын. Ливан, 12 қараша 2015 жыл.

Бейруттағы жарылыс болған орын. Ливан, 12 қараша 2015 жыл.

Ливан астанасы Бейрут маңында жанкештілер жасаған екі жарылыстан 37 адам қаза тапты. Қызыл Крест ұйымының мәліметінше, жарылыстардан 180-нен аса адам жараланған.

Ливан полициясы жанкешті денесіне жасырған жарылғыш затты іске қосқанын айтады. Шабуыл Бейруттың оңтүстік жағындағы сауда үйінің кіреберісінде болған. Бұл аудан Иран қолдайтын «Хезболла» ұйымы бекінген аймақ саналады.

Шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мойнына алды.

Шииттік «Хезболланың» қарулы жасақтары Сирияда президент Башар Асад әскері жағында соғысып жүр. Ал ливандық сүнниттер Сирия оппозициясын қолдайды.

Көршілес Сирияда үкімет пен қарсыластары арасында қарулы қақтығыс басталған төрт жылда Ливанда шабуыл көбейген.

XS
SM
MD
LG