Accessibility links

Сирия әскері Әл-Хадер қаласын қайтарып алды


Куейрис әуе базасын қоршаудан босатқан Сирия үкіметіне жақтас күштер. Сирия, 11 қараша 2015 жыл.
Куейрис әуе базасын қоршаудан босатқан Сирия үкіметіне жақтас күштер. Сирия, 11 қараша 2015 жыл.

Сирия мемлекеттік телеарнасы Алеппо провинциясындағы көтерілісшілер бақылауында болған Әл-Хадер қаласын үкімет әскері қайтарып алғанын хабарлады.

Иран мен шииттік «Хезболла» қозғалысы жасақтары қолдайтын Сирия әскері қаланы толық бақылауына алғанын айтады. Екі күн бұрын Сирия әскері Алеппо провинциясындағы Куейрис әуе базасын «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы содырларының қоршауынан азат еткен.

Сирия әскерінің Әл-Хадер қаласының көпшілік бөлігін өз бақылауына алғанын Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы да растады. Әл-Хадер қаласы бұған дейін «Әл-Қаидамен» байланысы бар «Нусра майданы» және басқа да исламшыл топтардың қолында болған.

«Қала оңтүстік Алепподағы көтерілісшілердің басты орталығы болған. Оны алу арқылы Сирия әскері маңызы зор Алеппо-Дамаск күре жолына жақындайды» деді ұйым басшысы Рами Әбдел Рахман. Ұйым Сирия мен Ресей әскери ұшақтары аймақты бомбалап жатқанын айтады.

Әбдел Рахманның сөзінше, Әл-Хадерді алу – Ресей әскерилері Сирияда әуе шабуылдарын бастағаннан бергі кезеңде үкімет әскерінің алғашқы маңызды стратегиялық жеңісі саналады.

XS
SM
MD
LG