Accessibility links

Петр Порошенко Джордж Соросты марапаттады


Джордж Сорос.
Джордж Сорос.

Украина президенті Петр Порошенко Киевте америкалық қаржыгер әрі филантроп Джордж Соросты мемлекеттік Азаттық орденімен марапаттады.

"Сіздің соңғы жылдардағы белсенді іс-әрекетіңіз қазір Украинада жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге өте-мөте ықпал етті" деді Порошенко Соросқа.

Президент бұған қоса Джордж Сорос 25 жыл бұрын құрған "Жандану" халықаралық қорының Украина мемлекеттілігінің дамуына елеулі үлес қосқанын айтты. 85 жастағы Сорос бұл марапатқа ие болу өзі мен халықаралық қор үшін үлкен құрмет екенін айтты.

Сорос қоры Шығыс Еуропа мен бұрынғы совет елдеріне миллиардтаған доллар қаржы бөлген.

XS
SM
MD
LG