Accessibility links

Ресей Умарали Назаровтың анасын елден шығармақ


Тәжік мигранты Зарина Юнусова. Санкт-Петербург, 12 қараша 2015 жыл.

Тәжік мигранты Зарина Юнусова. Санкт-Петербург, 12 қараша 2015 жыл.

Ресейде абақтыда қайтыс болған тәжік бала Умарали Назаровтың анасы Зарина Юнусова Ресейден шығарылатын болды.

Санкт-Петербург соты Тәжікстаннан келген мигрант әйел Юнусованы Ресейдің миграциялық заңдарын бұзды деп айыптап, еліне қайтару туралы шешім шығарды.

Юнусованың бес айлық сәбиі 15 қазанда, шешесі миграциялық заңды бұзды деген айыппен абақтыға қамалғаннан бір күннен соң қайтыс болған. Бұған Ресейдегі тәжік мигранттары мен құқық қорғау ұйымдарының наразылығын тудырған.

Юнусова полицейлер өзін қамауға алғанда сәбиін бөлек алып кетіп, бес сағаттан соң босатқанға дейін қайтармағанын айтады. Сәбидің ата-анасы полиция өздеріне баласының "тыныс алу жолдары ауырып ауруханаға жеткізілгенін" айтқан.

Ресей билігі сәбидің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Сәбидің ата-анасы балаларының дені сау болғанын, ешқандай аурумен ауырмағанын айтады.

Тәжікстан Ресей билігінен Умарали Назаровтың өлімін тергеуді талап етті.

XS
SM
MD
LG