Accessibility links

Сириядағы "жиһадшы Джонның" өлгені болжанды


ИМ экстремистік ұйымы видеоларында "жиһадшы Джон" деп аталып жүрген танымал содыр.
ИМ экстремистік ұйымы видеоларында "жиһадшы Джон" деп аталып жүрген танымал содыр.

Британ әскери басшылығына сілтеме жасаған BBC-дің хабарлауынша, Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының орталығы Ракка қаласында АҚШ пилотсыз ұшағының шабуылынан "жиһадшы Джон" деген атпен танымал британдық содыр қаза табуы әбден ықтимал.

Пентагон 12 қарашада бетперде киген ИМ содыры мінген көлікке пилотсыз ұшақтан шабуыл жасалғанын хабарлады. Ол содыр ИМ-нің Батыс елдерінің кепілге алған азаматтарын өлтіргені жайлы видеоларына шығып жүрген британдық содыр Мұхаммед Эмвази болуы мүмкін деген болжам бар.

Пентагон ресми органдар қазір әуе шабуылы мен одан британдық содырдың қаза тапқаны жайлы ақпаратты тексеріп жатқанын айтады.

Эмвазиді бұрын оның қамауында болған тұтқын асқан қатігез адам деп сипаттаған.

Лондонда бұрын программист болған Эмвази Кувейтте Ирактан көшіп барған отбасында туған. Оның ата-анасы Ұлыбританияға 1993 жылы көшіп барған.

XS
SM
MD
LG